Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулық полицейлер «Мобильді академия» пилоттық жобасын сәтті аяқтады

Маңғыстаулық полицейлер «Мобильді академия» пилоттық жобасын сәтті аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27-30 наурыз аралығында ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы полиция департаментінде “Мобильді академия” пилоттық жобасы өткізілді. Жобаның мақсаты — елдің әлеуметтік, экономикалық, және саяси өміріндегі өзгергіштіктің жоғары деңгейі жағдайы ұйымды басқарудың заманауи тұжырымдамасы ретінде мемлекеттік органдарда жобалық басқару саласындағы білімді қалыптастыру.

Аталмыш жобаның алғашқы күні академияның ІІО кәсіби-психологиялық даярлық және басқару кафедрасының доценті М.Токсановамен дайындалған “ІІО жүйесінде жобалық басқаруды енгізу заңдылықтары мен жолдарын зерттеу” тақырыбына арналды. Ал екінші күн кәсіби-психологиялық даярлық кафедрасының аға оқытушысы Н.Ибраимованың әзірлеген “Полицияның сервистік моделінің стратегиялық міндеттері” тақырыбына бағытталды.

Сонымен қатар академияның киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының басшысы А.Бекишев “ІІО-да қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасыруға қарсы іс-қимыл”, “Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл” тақырыптарында семинар сабағын өткізді. Үш күнге жалғасқан жоба барысында маңғыстаулық тәртіп сақшылары білім мен біліктіліктерін арттырып, өзара қызметтік тәжірибе алмасты.

Қоғамдық мәселелердің шешу жолдары қарастырылып, түрлі тақырыптағы топтық жобалар талқыланды. Полиция қызметіне жаңаша тәсілдер енгізу жүйесі бойынша сөз қозғалып, пікірталас ұйымдастырылды. «Пилоттық жобаның” қорытынды күні қатысушылар ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы А.Сайтбековтың атынан курстың сәтті аяқталғандығы жөнінде сертификаттарға ие болды. ПД бастығы Аян Дуйсембаев меймандарға өз алғысын білдіріп, академия бастығының орынбасары К.Кобландин және оқытушы-профессор құрамға өз атынан грамоталар табыстады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру