Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көшеде өтіп бара жатқан тұрғыннан есірткі табылды

Түркістан облысында көшеде өтіп бара жатқан тұрғыннан есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданының қызметкерлері есірткі затының заңсыз айналымына қатысы бар күдіктіні ұстады. Яғни, арнайы ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтады.      

Нәтижесінде ауыл көшелерінің бірінен өтіп бара жатқан күмәнді тұрғын тоқтатылды. Тексеру кезінде ер адамның қалтасынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар полиэтилен пакет табылды. Тәртіп сақшылары тәркіленген заттай дәлелдемелерді сараптамаға жіберді. Қорытындыға сәйкес кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру