Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері мопед жүргізушілерінің ЖҚЕ жиі бұзатыны туралы айтты

Алматы полицейлері мопед жүргізушілерінің ЖҚЕ жиі бұзатыны туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі өкілдерінің айтуынша, алаңдатарлық статистика бірінші кезекте екі доңғалақты көлік жүргізушілерінің жүргізу тәртібін сақтамауынан туындап отыр.

– Олар үшін жол қозғалысы ережесі, парасаттылық және өзін-өзі сақтау инстинкті жоқ сияқты. Олар автокөліктердің арасында ойланбастан маневр жасайды, апаттық жағдайлар туындатады, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетеді, қарама-қарсы жолаққа, жаяу жүргіншілер жолына шығады – бір сөзбен айтқанда, кенеттен пайда болады және кенеттен жоғалып кетеді. Алдын алу шаралары кеңінен жүргізілгенімен, мопед жүргізушілері тарапынан әлі де болса ЖҚЕ бұзуға жол берілуде, өйткені олардың көпшілігі жазасыз қалатынына сенімді. Бірақ бұл жалған сенім, құқықбұзушылық анықталған жағдайда полиция шара қолданады, жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартып, көлік құралын айыппұл тұрағына қояды, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Ержан Ұзабаев.

Баяндамашы, мобильді көлік жүргізушілерінің жеке қауіпсіздігі үшін түнде жол жүру кезінде киімдерінде немесе көлік құралдарында қосымша шағылыстыратын элементтердің болуы қажет деп санайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру