Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаулықтың көлігінен тыйым салынған қызыл балықтың 30 данасы табылды

Маңғыстау облысында тыйым салынған қызыл балықтың 30 данасы көліктен табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамыз сағат 15.20-да Қарақия ауданында Темір-Баба маңында Ақсу жағалауы аумағында тыйым салынған балық жүктелген автокөлік ұсталды.

Патрульдеу кезінде Қарақия бөлімінің полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатты, оның салонында жалпы салмағы 65 келі болатын 30 дана қызыл балық болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталғандарға қатысты “ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы” қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру