Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал полицейлері жоғалған жылқыларды тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған үш бас ірі қара малды өз иесіне тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-не жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы туралы хабарласқан. Ол өз арызында, егістік алқапта жайылып жүрген жалпы құны 1 300 000 теңге болатын өзіне тиесілі үш бас жылқысының белгісіз уақытта жоғалып кеткенін көрсеткен. Жоғалған жылқыларды тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар жайылатын аймаққа қарай бірден бағыт алып, іздестіруді бастап кетеді.

Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алады, сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексеріледі. Нәтижесінде, білікті полицейлер 60 шақырымдық көрші ауылдан жылқыларды үш күннің ішінде тауып, заңды иесіне табыстайды. Осылайша жоғалған үш бас жылқы иесіне тапсырылды. Жылқылар жоғалған сәттен бастап жедел әрекет етіп, ұры-қарының қолына түспеуіне септігі тиген полицейлерге жәбірленушінің айтар алғысы шексіз.

– Мен, Жетісай ауданының жергілікті тұрғынымын. Мақтаарал ауданында егістік алқапта жайылып жүрген үш бас жылқымды жоғалтып алған болатынмын. Содан соң Мақтаарал АПБ-ның полиция қызметкерлеріне барып арыздандым. Аталған арыз бойынша тәртіп сақшылармен бірге іздестіріп, таптық. Мақтаарал АПБ-ның полицейлеріне алғыс айтамын. Істеріне сәттілік!

Өз кезегінде облыс полицейлері мал жайылымында малдарды қараусыз қалдырмауға және ұқыпты болу керектігін айтады. Сондай-ақ мал тұрағының шаруашылық жайы мұқият бекітіліп, қажетінше ен салынып, таңбалануы тиіс. Мал қораларды да жақсылап қоршап, бекітіп, жарықтандырған жөн. Төрт түлік жоғалса немесе ұрланса, уақыт жоғалтпай полиция бөліміне тез арада хабарласқаныңыз дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру