Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас адам ауладан велосипед ұрламақ болды

Түркістан облысының полицейлері велосипед ұрламақ болған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 маусымда Кентау қалалық ПБ-не жергілікті тұрғыннан белгісіз біреу оның спорттық велосипедін ұрламақ болғаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына Кентау қалалық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Полиция қызметкерлері анықтағандай, түнгі уақытта жәбірленушінің ауласына мас адам кіріп, құны 60 мың теңге тұратын велосипедін ұрламақ болған. Алайда, үйдің иесі қылмыс орнында ұрыны көріп қалғаннан кейін, ештеңе ұрлай алмай кетіп қалған.
Кентау қалалық ПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Күдікті жәбірленушінің көрші тұратын ауылдасы болып шықты, қылмысын толық мойындап отыр.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтайды.


Түркістан облысының полицейлері ұрлықты болдырмау үшін сақ болуға және есіктерді ашық қалдырмауға кеңес береді. Бағалы заттар ұрланған немесе жоғалған жағдайда “102” телефоны бойынша полицияға хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру