Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Колония қызметкерлері запасқа босату салтанатына қатысты

Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерінің қызметтері мен Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының өзара іс-қимыл жасасу аясында қатаң режимді колония қызметкерлері ҚР Ұлттық ұлан №5511 әскери бөлімінен запасқа босатылған 1-2019 шақырылым әскери қызметкерлерін шығарып салуына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусым күні Семей қаласындағы Ұлттық ұлан №5511 әскери бөлімнің 1-2019 шақырылымының 200 астам әскери қызметкерін запасқа босату, шеру алыңында әскери оркестрдің әуенімен салтанатты түрде өткізілді. Отан қорғаушылардың алдында түзеу мекемемесінде күзет қызметімен қатар, онда ұсталатын адамдардың тәртіптерін қадағалайтын әскери қызметткерлер болды. Осы қызметте өзінің туған жеріне деген жауапкершілігін сезінген әскери қызметкерлерге өзінің алғысын мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Айдын Калелов білдірді.

– Жеке өз атымнан және әскери қызметкерлердің атынан ОВ-156/14 мекемесінің әкімшілігіне жыл сайынғы іс-шараларға қатысқаны үшін алғыс білдіремін. Бүгінгі күні мекеме басшылығы атынан көптеген әскери қызметшілер үздік әскери қызметі үшін алғыс хатпен және сыйлықтармен мрапатталды. Осындай айтулы күнде әскери қызметкерлерді көтермелеу қуантады және оларды ынталандырады, – дейді әскери бөлім командирі Ержан Абдукаликов.

Айта кету керек, 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Ұлттық ұлан әскери қызметкерлері түзеу мекемелерінде аймақтарды күзету ғана емес, түзеу мекемелерінде сотталған адамдардың ұсталатын орындарында және жұмыс орындарында қадағалауды жүзеге асырады, сонымен қатар бөліністе Семей қаласының көшелеріндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша қызмет атқаратын роталар да бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру