Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде көлік жүргізетін жүргізушілер саны азаяр емес

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігінсіз мас халде көлік басқарған тұрғындарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп тұрады. Түркістан облысына қарасты Түркістан қаласының полицейлері осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта қала көшелерін патрульдеп келе жатып, күдік туғызған “Mercedes “ маркалы автокөлікті тоқтатады.Автокөлік иесінің құжаттарын тексере келе жүргізушінің мас халде және құжатсыз екендігін анықтайды. Белгілі болғандай жүргізуші 2019 жылдың қазан айында Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен ҚР ӘҚБтКнің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған. Ол сол кездегі әрекетінен сабақ алмай, жүргізілген медициналық зерттеудің қорытындысына сәйкес тағы да мас халде көлік басқарғаны анықталыпекінші рет қайталап отыр.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 346-бабы “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бойынша тіркелді. Соттың қаулысына сәйкес аталған жүгенсіз жүргізушіге екі ай мерзімге дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осындай кезекті жұмыс күнінің бірінде, сағат 20:50 шамасында патрульдік полиция ротасының полицейі Нұрхан Мырзахметов пен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы Ерболат Алиякбар қызмет атқару барысында Түркістан қаласының орталық көшелерінің бірінде “ВАЗ” автокөлігін тоқтатады.

Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылдың сәуір айында Түркістан қалалық сотының үкімімен екі жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Одан бөлек, медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші көлікті мас халде көлік басқарғаны анықталды.

Құқық бұзған жүргізуші Түркістан ҚПБ-не жеткізілді. Соттың қаулысына сәйкес мас халде көлік тізгендеген тұрғын екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 346-бабымен “Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіпті болмақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру