Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақташы малдың бір бөлігін сатып жіберген

Түркістан облысында малдың бір бөлігін сатып жіберген бақташы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, отар қойының ішінен 570 бас қойы жоғалғанын хабарлайды. Жәбірленушінің айтуынша, биыл сәуір айында ол малдарын жергілікті тұрғынға бағуға сеніп тапсырған. Алайда үш айдан соң малдарын санағанда бір бөлігі жоқ болып шыққан. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап етубойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Шардара АПБ полиция қызметкерлері қой ұрлауға қатысы бар бақташыны, яғни Шардара ауданының тұрғынын құрықтады. Анықталғандай, күдікті малдардың көп бөлігін иемденіп, сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған. Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 28, 5 миллион теңгеден асты.

Қазіргі уақытта бөтен мүлікті иемдену және ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері ауылдықтарға қырағы болуды және өз малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Егер сіз де малыңызды жоғалтып, ұрлатып алсаңыз тез арада “102″ телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру