Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйде жүрген павлодарлық әйелдің сәбиі балалар үйіне жіберілді

Мас күйде жүрген павлодарлық әйелдің 5 айлық нәрестесі балалар үйіне жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 наурызда Павлодар полициясына медициналық қызметкер хабарласып, денсаулығында проблемалары бар 5 айлық бала тұратын пәтердің есігін ата-аналары ашпай жатқанын айтып, көмек сұраған.

– Осы шақыру бойынша мекенжайға ювеналдық полиция қызметкерлері барды, – деді Павлодар қаласы ПБ Орталық полиция бөлімінің ювеналдық полиция аға инспекторы Әсия Әлкеева.

Полицейлер келген бойда баланың анасы мас болғанын анықтады.

Баланы облыстық ауруханаға тексеруге жіберді, содан кейін бала “Балалар үйі” ММ-ге орналастырылады, ал балаға немқұрайлы қараған ата-ана айыққанға дейін Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.

Полиция ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалғанын, материал сотқа жіберілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберу, ананы ата-ана құқықтарынан шектеу туралы мәселені қарау үшін материалдар дайындалуда, өйткені, бұрын ол баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру