Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде машина айдап жүрген жүргізуші анықталды

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарып жүрген азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мұнайлы ауданының ПБ патрульдік полиция қызметкерлері Қызылтөбе ауылында “ВАЗ-21114” автокөлігін тоқтатқан кезде көлік тізгінінде отырған 38 жастағы жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің исі шығып тұрған.

Медициналық куәландыру нәтижесі азаматтың жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаю күйінде екенін растаған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері  Жаңаөзен қалалық сотының бұл азаматты 2015 жылдың қазан айында алты жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырғанын анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру