Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйіндегі әрекеті үшін сот 15 тәулікке қамауға алды

Павлодар облысында тәулік ішінде 415 құқық бұзушылық анықталып, жауапкершілікке тартылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылдамдықты арттырғаны үшін 30 тәртіп бұзушылық, 54 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбады, тағы 40 автокөлікті басқару кезінде телефонмен сөйлесті, 40 жаяу жүргіншіні жібермеді. Теренкөл ауылында полиция қызметкерлері “ВАЗ” автокөлігін тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде ауыл тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды. Кейінірек, ер адам жүргізуші күәлігін мүлдем алмаған екені анықталды. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Автокөлік айып тұрағына қамауға алынды.

Мас күйінде рөлге отырған 4 жүргізуші анықталды.
12-ақпанда Екібастұзда 30 жастағы жүргізуші басқаруындағы “ВАЗ” маркалы автокөлігі ұсталды. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ерекше иіс сезген. Куәландыру жүргізунің мас екенін көрсетті. Жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы 2020 жылдың 14-ақпанына дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері жол ережесін сақтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру