Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлікті басқаруы бойынша ақтөбелік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері 1 шілде күні сағат 01.30-да. Мира даңғылы мен Рысқұлов көшесінің жолдың қиылысында 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Ваз 21083” автокөлігін тоқтатты, жүргізуші көлік құралын басқару құқығынан айырыла отыра, көлікті есірткілік масаң
күйде басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлімі “Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлікті басқаруы” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы тұраққа қойылған. Жүргізуші Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстанда бұрын көлік басқару құқығынан айырылған, көлік құралдарын алкогольдік мас күйінде басқарған жүргізушілерге қатысты жаза күшейтілді. Осы баптың санкциясы бес мың
айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, өмір бойы көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті тұрғындарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде транспорттық құралдарды басқармауды сұрайды және ескертеді, Сіздің ойламаған іс-әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру