Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Масаң күйдегі жолаушылар пойыздан түсірілді

Көлік полицейлері масаң күйдегі жолаушылар пойыздан түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамырда Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері теміржол вокзалын патрульдеу барысында масаң күйінде жүрген төрт ер адамды анықтады. Тексеру кезінде Алматы және Жетісу облыстарының 31, 37, 54 және 55 жастағы тұрғындары анықталды.

Құқық бұзушылар “Шымкент – Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызымен жол жүрмек болған. Акт бойынша олар жоғарыда аталған пойыздан түсірілді.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Айта кету керек, құқық бұзушылардың бірі бұрын әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені үшін жауапкершілікке тартылған болатын. Оның ісі шешім қабылдау үшін Талдықорған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Дәл сол күні Қызылорда облысының Жосалы станциясында жолаушылар пойызынан тағы екі құқық бұзушы акті бойынша түсірілді. Ақтөбе және Жамбыл облыстарының 31 және 36 жастағы тұрғындары жол бойында алкогольдік ішімдіктер ішіп, балағат сөздер айтып, жолаушылардың тыныштығын бұзған. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы мен 437-бабы және 434-бабы бойынша 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру