Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығына байланысты іс-шаралар өткізіліп жатыр

Ұлытау облысында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығына байланысты іс-шаралар өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай, Ұлытау облысы ПД ЕҚҚІҚБ түрлі бағыттағы профилактикалық іс-шаралар өткізіп жатыр. Ұлытау облысы ПД биыл айлықтың ашылуына байланысты №10 мектебінде Жезқазған қаласының ПБ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп оқушыларына арнап, “Біз нашақорлыққа қарсымыз” тақырыбында сауаттылық сағаты ұйымдастырылды. Онда өзара пікір алмасқан қатысушылар мектеп жасындағы балаларға нашақорлық, есірткінің адам денсаулығына зиян келтіргені туралы түсінік берілді. Сұхбат жүргізіліп, түрлі сұрақтарға жауаптар берілді.

– Eсірткі заттарын, психотроптық заттарды және заңсыз жарнамалау фактілерін анықтау, жолын кесу шараларын жүзеге асыру жөнінде медицина қызметкерлері, полиция инспекторлары және есірткі қылмысына қарсы күрес қызметінің инспекторлары шаралар қабылдап, күнделікті жұмыстар жүргізіп отыр. Қылмыстар мен зұлымдық атаулының туындауына әкеліп соқтыратын нашақорлық және есірткіге қарсы күрес баршамыздың міндеті, – деді Жезқазған қаласы ПБ ЕҚҚІҚ бөлімінің бастығы  Ж.Наурызбаев.

Сонымен қатар Жезқазған қаласының  Led-экрандарына нашақорлыққа қарсы видеожазбалар көрсетіліп, қала жастарының нашақорлықтың алдын алу мақсатында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы қала көшелеріне баннерлер ілініп, облыс тұрғындарын нашақорлықтан  аулақ жүруге насихаттайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру