Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан қызылордалық қамауға алынды

Мәжбүрлі еңбекті орындаудан бас тартқан қызылордалық қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі А. есімді ер адам ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, сот үкімімен екі жыл алты ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, жергілікті атқарушы органдары айқындайтын орындарда жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған.

Мәжбүрлі еңбекті атқару үшін ер адамға Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылдық округ әкімінің өкімі шығарылды. Алайда сотталған өз жауапкершілігін біле тұра сот үкімімен міндеттелген 100 сағат мәжбүрлі еңбекке кірісуден бас тартқан. Одан түсініктеме алынып, ескерту берілген.

Дегенмен ескертуден қорытынды шығармаған ер адамның жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін пробация қызметі Қармақшы аудандық сотына ұсыныс жолдаған.
Ұсыныс Қармақшы аудандық сотының қаулысымен қанағаттандырылып, сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бір жыл 10 ай 21 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін де ағымдағы жылдың сәуір айында Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі ер адам сот үкімімен міндеттелінген мәжбүрлі еңбекті атқармағаны үшін Қармақшы аудандық сотының қаулысымен жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру