Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдық жедел уәкілдер 2 жасар баланың анасын іздеп тапты

Петропавлдық жедел уәкілдер 2 жасар баланың анасын іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полицейлер маусымның 14-і күні Жұмысшы кентінде табылған баланың анасын анықтады. Мән-жайды анықтау үшін 24 жастағы анасы қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Іздеуге жедел уәкілдер жұмылдырылды. Анықталғандай, әйел 20-шы шағын аудандағы құрбысының үйінде болған. Оның айтуынша, ол баласын Жұмысшы кентіндегі таныстарына тастап, құрбысына кеткен.

Ювеналдық полиция қызметкерлерімен баланың анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін ҚР ӘҚБтК 127-бабы “Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау” бойынша материал жиналды.

– Сондай-ақ, оны ювеналдық полиция бөліміне профилактикалық есепке қойдық. Жиналған материалдар ата-ана құқығынан айыру мәселесін көтерумен, қалалық әкімдіктің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының қарауына ұсынылатын болады, – дейді Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.

Естеріңізге сала кетейік, балақай маусымның 14-і күні Жұмысшы кентінде анықталды. Қазіргі уақытта 2 жасар бала облыстық балалар ауруханасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру