Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Медициналық орталықта ұялы телефон ұрлаған ұры ұсталды

Ақтөбеде медициналық орталықта ұялы телефон ұрлаған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазан күні Ақтөбе қаласы ПБ ЖБО “102” телефонына медициналық орталықтың медбикесі хабарласып, аталған мекемеде оның “IPhone 5С” смартфонын ұрланғанын хабарлады.

Аталған мекенжайға полиция қызметкерлері келіп, жедел іс-шаралар өткізу барысында ұрланған телефонды тәркілеген Ақтөбе қаласының 39 жастағы тұрғыны ұсталды.

Күдікті өз кінәсін мойындады.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта әмияндармен қатар, ұялы телефондар да оңай олжа болып отыр. Қылмыстың бұл түрін ашу және ұрлық жасаған адамдарды анықтау өте қиын. Сондықтан мұндай фактілерге жол бермеу және олардың мүлкін сақтау үшін барлық шараларды қабылдаған жөн. Көп жағдайда ұялы телефондарды ұрлаудың негізгі себебі телефон иелерінің немқұрайлылығынан болып жатады. Ұялы телефонсыз қалу мүмкіндігін азайту үшін қарапайым ережелерді есте сақтау қажет:
– Телефонды бейтаныс адамдарға бермеңіз.
– Телефонды қараусыз қалдырмаңыз.
– Көшеде, әсіресе қараңғы уақытта қосылған телефон басқалардың назарын аударады, сондықтан телефонды діріл қоңырау режиміне қою керек.
– Қоғамдық көлікте немесе адамдар көп жиналатын басқа жерлерде ұялы телефонды белдікке іліп қоюдың қажеті жоқ немесе оған арнайы бауды бекітіп, мойнына кию керек, оны киімнің ішкі қалтасына салған дұрыс.
– Ойын-сауық мекемелерінде ұялы телефоныңызды үстелге немесе сөреге қоймаңыз, оны орындықтың артындағы сөмкеде немесе киім қалтасындағы шешінетін бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру