Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да 59 жасөспірім полицияның есебінде тұр

Солтүстік Қазақстан облысында 59 жасөспірім полицияның есебінде тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні Петропавлда полицейлер балаларды қорғауға бағытталған екі іс-шараны бастады. “Қауіпсіз мектеп автобусы” республикалық акциясы аясында мектептің полиция инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі жайлы сабақ өткізді. Балалар жол ережелерінен білімдерін сурет бетіне түсіріп, плакаттар арқылы көрсетті, олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары тіпті көрнекі құрал ретінде жолдың макетін жасады. Мектептегі іс-шаралармен шектелмей, Петропавл қаласының ювеналдық полицейлері жол қозғалысының ең кішкентай қатысушылары туралы әлеуметтік желілерді қолданушыларына естеріне салу үшін акция жайлы бейнеролик дайындады.

Сол күні тәртіп сақшылары “Түнгі қаладағы балалар” облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді бастады. Оның мақсаты – кәмелетке толмағандар және оларға қатысты жасалған қылмыстарды анықтау және жолын кесу. Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаевтың айтуынша, жұмыстың ең бастысы мектепте және полицейлердің есебінде тұрған тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдердің тұрғылықты жеріне тексеріс жүргізу болып табылады.

 – Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуде міндеттерін атқармай, спирттік ішімдік ішетін ата-аналарды анықтауға ерекше көңіл бөлінеді, – дейді ол. – Жасөспірімдердің қоғамға жат мінез-құлыққа бейімделгіш болуы немесе қылмыскерлердің құрбанына айналуы қараусыз қалдыру салдарынан болады. Кәмелетке толмағандардың түнде үйден тыс болу фактілері ерекше бақылауда тұр. Сондай-ақ, полицейлер облыстағы барлық балалардың білім алып жатқанын тексереді.

Бүгінгі таңда Петропавлда тұрмысы төмен 91 отбасы және 59 кәмелетке толмаған балалар тіркелген. Жасөспірімдер 13 қылмыс жасап, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға 65 материал жіберілді. Комиссия үш жасөспірімді арнайы оқу мекемесіне жіберуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру