Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандардың ерікті ұйымы құрылды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде төрт сотталғанның ерікті ұйымы құрылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олар бос уақытты тиімді өткізу және өзін-өзі тәрбиелеу, өндірістік және санитарлық-гигиеналық, қолөнер және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер секцияларынан тұрады.

Өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер секциясында (ӨКҰКӨ) 17 сотталған бар. Олар арнайы бөлінген ғимаратта суреттер салады, ағаштан, тастан, гипстан бұйымдар жасайды.

№4 жасақтың сотталғаны Игорь Чуприна пластикалық бөтекелерден тор өреді. Осы жұмыстың
идеясы сотталғандардың арасындағы жыл сайын өтетін жазғы спартакиадаға дайындалу.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына сотталғандар ақынның мүсінін жасады. Іс-шара
бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Жеке кәсіпкерлер және тұрғындар арасында сотталғандардың жасаған бұйымдарына тапсырыс қабылдау жүргізілмек. Тапсырыс беру кезінде ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 119-бабына сәйкес үш жақты келісім-шарт жасалатын болады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру