Полицейлер атыраулықтардың құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетіп жатыр
Атырау полицейлері бір апта ішінде 120-дан астам тұрғындардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысында полиция Департаменті Көші-қон қызметінің және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының «Азаматтарға арналған үкімет» жергілікті филиалының бірлескен мобильді топтары құрылды.
Бірлескен мобильді топтарды құрудағы мақсат – карантин кезінде құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен адамдардың тұрғылықты мекен-жайына барып, жеке куәліктерін рәсімдеуде көмек көрсету. Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасынің басшысы Руслан Әділовтің айтуынша, бірлескен мобильді топтар 13 мамырдан бастап, мекен жай бойынша шығып, көмек көрсетуге кіріскен.
Осы уақыт ішінде облыс бойынша денсаулық жағдайы төмен, көшеде өз бетінше жүре алмайтын, зейнеткер, сондай-ақ, әлеуметтік төлемдерді алушылар, барлығы 121 адамға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсетілді.