Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Меккеге бет алған велосаяхатшылар полицейлерге алғыс айтты

8 шілде күні Атырау облысы Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару барысында қасиетті Мекке қаласына велосипедпен сапар шегіп бара жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматына көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол үстінде уақытша аялдаған шетелдік саяхатшылар орналасатын орын табуға жәрдем сұраған. Полицейлер олардың өтінішіне жедел ден қойып, қонақүйге орналасуына көмектесті әрі қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетті. Сонымен қатар оларға алдағы жол бағыты бойынша қажетті ақпарат беріліп, жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көрсетілген қамқорлық пен қолдау үшін Өзбекстан азаматтары Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді. Олар Қазақстан халқының қонақжайлығы мен ізгі ниетіне ерекше ризашылықтарын жеткізді.

Азаматтарға дер кезінде көмек көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қиын жағдайда қолдау білдіру – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру