Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мектеп бітіру кешін ұйымдастырған сарыағаштық мейрамхана анықталды

Сарыағашта карантин талаптарын өрескел бұзған тұрғындар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауда. Арнайы құрылған мобильді топ құрамында жүрген тәртіп сақшылары күні-түні рейдтер жүргізіп, бас мемлекеттік санитариялық-дәрігерінің карантин режимін сақтау бойынша нұсқауына сәйкес тиісті жұмыстарды атқарып келеді.

Мәселен, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылы, Төлендіұлы көшесі бойында орналасқан Байтерек тойханасын тексеру кезінде аудандағы мектептердің бірінің оқушылары кеш өткізіп жатқаны анықталды. Сондай-ақ Жібек Жолы ауылдық округі, Диханбаба ауылында шектеу белгіленген уақыттан кейін жұмыс істеген тамақтану орны, Қапланбек ауылындағы демалыс орнында жергілікті тұрғын туған күнін өткізген.

Құқық бұзушылық жасаған азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша жинақталған құжаттар аудандық СЭББ-ға шара көру үшін жолданды.

Сондай-ақ, полицейлер тойханалар мен мейрамхана, кафе-барларды тексеріп, нысан иелерімен кездесіп, той-жиын өткізбеу және азаматтардың жиналуына жол бермеу керектігін түсіндіріп, карантин талаптары бұзылған жағдайда заңды шара көрілетіні туралы ескертті.

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру