Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мен секіремін”: полицейлер 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды

Павлодар облысының полицейлері 5-қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz

14 қараша сағат 12.50-де Ақсу қаласының полициясына Б.Момышұлы көшесіндегі 23 үйдің 5-қабатындағы балконнан ер адам айқайлап, секіруге тырысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына дереу патрульдік полиция взводының инспекторлары Рүстем Жұмабеков және Уаис Ибраев  бар автопатруль жіберілді.

-Көрсетілген мекенжайға келгеннен кейін біз 5-қабаттың балконынан ер адамның өзін біртүрлі ұстағанын, айқайлап, секіремін деп қорқытқанын көрдік. Ойланбастан біз кіреберіске жүгірдік, 5 қабатқа көтерілдік, бірақ пәтердің есігі ішінен жабулы болды. Мен көршілердің есігіне қоңырау шалып, не болып жатқанын түсіндірдім, олар бізді ішке кіргізіп, балконға апарды. Уаис онымен келіссөздер жүргізіп жатқанда, мен көршінің балконынан өтіп, ер адамды ұстап алдым. Содан кейін оны пәтерге кіргізіп, онымен сөйлесе бастадым. Кейін ішке әріптесім мен ер адамның туыстары келді, – деді полицей Рүстем Жұмабеков.

Полиция қызметкерлері Уаис Ибраев пен Рүстем Жұмабековтің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің алдын алып, қала тұрғынының өмірін сақтап қалды.

Полиция басшылығы патрульдік полиция взводы инспекторларының әрекеті туралы әлеуметтік желілерден білді. Онда қала тұрғындары полицейлерге адам өмірін сақтап қалғаны үшін шын жүректен алғыс білдірді.

Полиция қызметкері Рүстем Жұмабеков  ішкі істер органдарында 2021 жылдың қараша айынан, ал Уаис Ибраев 2013 жылдан бастап қызмет етеді. Қызмет көрсету кезеңінде көтермелеулері бар және әріптестері оларды тек оң жағынан сипаттайды.

Өз кезегінде, Уаис Ибраев әр полиция қызметкері осылай әрекет еткен болар еді және қоғамға пайдалы болу, адамдарға көмектесу өзінің міндеті деп санайды. Полиция ер адамның шарасыз қадамға баруына не себеп болғаны анықталып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру