Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Меркі аудандық пробация бөлімінде алғашқы ақылды терминал орнатылды

Меркі аудандық пробация бөлімінде алғашқы ақылды терминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Меркі аудандық прокуратурасының бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру мақсатында биотерминал орнатылды. Еліміз бойынша санаулы өңірлерде ғана қолжетімді бұл құрылғы өңірде әзірге Меркі ауданында ғана бар.

Пробация қызметінің жұмысын жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда септігі мол. Бұрын кезек күтіп шаршайтын сотталғандардың уақытын үнемдеуге электронды құрылғы үлкен сеп. Саусақ жанасса болды, бұл құрылғы сотталған туралы барлық мәліметті беруге мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, сотталғанның жеке бас дерегінен бастап, қай кезде сотталғаны, қандай бап бойынша істі болғаны, енді қанша уақыт мерзімі қалғаны жайлы ақпарат лезде алынады.

Аудандық пробация бөлімінің бастығы Арайлым Самбетова ақылды терминал орнатылғалы бері уақытын үнемдеген сотталғандар өз пікірлерін білдіріп жатқандығын жеткізді.

– Қазіргі таңда Меркі ауданында 130 сотталған азамат пробация есебінде тұр. Сотталған азаматтар да бұл құрылғының қолайлығын байқап, өз пікірлерін айтуда. Бұрын олар тіркеуге келген кезде, жүріп-тұру есебін жазу үшін кезекте тұратын. Ал қазір саусақ ұшын құрылғыға жанасса, тіркеудің күні мен сағаты белгіленеді, – дейді Арайлым Самбетова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру