Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мешіттің ғимаратында ұрлық жасалды

Шымкентте мешіттің ғимаратында қалтаадн әмиян ұрлады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласының полиция қызметкерлері қала мешіттерінің бірінде ұрлық жасаған ер адамды ұстады. Ол күртешенің қалтасынан ақша мен құжаттары бар әмиянды ұрлап кеткен.
Күдіктінің жеке басын Полиция департаментінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықтаған.Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 188-бап 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша Абай ауданы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру