Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипедтер мен қымбат құрылыс құралдарының ұрлығы

Алматы облысында велосипед және құрылыс құрылғыларын ұрлаумен айналысатын ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

«Полиция қызметкерлері Еңбекшіқазақ ауданы Қорам ауылында бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады»,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қысқа мерзім ішінде Қорам ауылының тұрғындарынан жеке мүлікті ұрлау дерегі бойынша бірнеше арыз келіп түскен. Ауладан және тұрғын үйлерден бензин аралары, велосипедтер және қымбат құрылыс құрылғылары ұрланған.
Басшылықпен құрылған жедел-тергеу тобы кезекші тәулік ішінде жеке үй иелігінде орын алған төрт ұрлық дерегін “ізін суытпай” ашты. Үш бензин арасы, екі велосипед және шетел қндірісінің құрылыс құрылғылары табылып, заңды иелеріне қайтарылды.

Бұл заттардың барлығы дәл осындай қылмыстары үшін бұрын істі болған 23 жастағы жергілікті тұрғыннан тәлкіленді. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Оның осыған ұқсас өзге қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру