Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мигранттардың құқықтары – мемлекеттік органдардың назарында

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы “Болашақ” қоғамдық бірлестігімен бірлесіп “Біздің күшіміз-бірлікте, рухтың күші-үйлесімде” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл акцияның мақсаты өмірлері қиын жағдайға тап болған мигранттарға көмек көрсету болып табылады. “Болашақ” қоғамдық бірлестігі ҚР Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен 24 мигрантқа азық-түлік пен гигиена құралдары бар гуманитарлық көмекті көрсетті”, – деді Жамбыл облысы ПД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Арман Тұрдалиев.

Пейілді әңгіме барысында мигранттар құжаттау ережелері және ҚР жұмысқа орналасу мүмкіндігі бойынша өздерін ойландыратын сұрақтарға жауап алды. Карантиннен кейін Арман Тұрдалиев мигранттарға құжаттаумен көмектесуге және Отандарына қауіпсіз шығу мәселелерімен жеке айналысуға уәде берді.


Кездесу соңында адам саудасына қарсы іс-қимыл тақырыбы бойынша ақпараттық буклеттер таратылды және адам саудасынан зардап шеккендерге көмек көрсететін ұйымдардың байланыстары берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру