Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында 40 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Жыл басынан бері Павлодар облысының тұрғындары 40 мыңнан астам түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқық бұзушыларға 333 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 11456 тұрғынға ескерту жасалды, 1602 бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 26 мыңнан астам адамға айыппұл салынды.


Статистикаға сәйкес 3000-ға жуық құқық бұзушы – спирттік ішімдікті ұнататын немесе қоғамдық орындарда мас болған (ҚР ӘҚБК 440-бабы). Ал 2319 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзды (ҚР ӘҚБК 505-бабы). 23.00-ден кейін шу шығаруды және қатты музыканы тыңдауды қалайтындар көп – 1145 тыныштықты бұзу фактісі (ҚР ӘҚБК 437-бабы).


Соның ішінде тұрғындар келесі әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған:
– анықталмаған жерлерде темекі шегу – 1164 (ҚР ӘҚБК 441-бабы);
– иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу – 1465 (ҚР ӘҚБК 408 – бабы);
– отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз іс-әрекеттер – 1128 (ҚР ӘҚБК 73-бабы);
– заңды өкілдерінің сүйемелдеуімен түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және үйлерінен тыс жерде тұрған кәмелетке толмағандар – 741 факт (ҚР ӘҚБК 442-бабы);
– мас күйінде көлік жүргізу үшін – 336 (ҚР ӘҚБК 608-бабы).

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.