Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сотталғандар дәрігерлерге алғысын білдірді

Алматы облысының сотталғандар дәрігерлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Коронавирус пандемиясы күллі әлемді бір сілкіндіріп Қазақ жеріне де келіп жетті. Ауырғандар саны 5 мың адамнан асты. Бұл жағдайда дәрігерлер мен орта медициналық буын мамандарының еңбегі шын мәнінде бағаланбас еңбек екені көрінді. Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар оқиғаның айналасында болып жатқан барлық жағдайды жіті сезінеді. Олар Осы қиын уақыттарда меицина қызметкерлерінің иығына түскен ауцыр жүкті де сезіне білген.

Бірінші Президенттің “Біз біргеміз” бастамасын қолдай отырып, Алматы облысының ЛА-155/8 колониясының сотталғандары бетперде киген дәрігерлердің жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген пациенттерді қабылдауының муралын салған. COVID-19 симптомдары тек екі-үш күн ішінде асқынуы мүмкін болғандықтан, дәрігерлер бірнеше тәуліктен аяқ талмай жұмыс уақыттарын өткізулеріне тура келеді. Қамаудағылар олардың еңбегін жоғары бағалады.

Бұл істерімен сотталғандар қазақстандықтар мен бүкіл әлем халқының тағдырына қатысып,өздеріне қол жетімді әдістермен және құралдармен сезінетіндігін, барлығымен бірлік халықтың денсаулығы үшін ортақ күреске қандай да бір қатысуға ниет білдіретінін білдіреді.

Бұл ретте қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің тәрбие жұмысының рөлі маңызды. Естеріңізге сала кетейік, осындай қолдау акциясын елорда тұрғындары биік көпқабатты үйдің қабырғасына емделіп жатқан пациенттер бейнеленген мурал жасап, дәрігерлерге өздерінің тағзымын білдірген болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру