Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өргебас ауылында автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Өргебас ауылында автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ТЖК деректері бойынша Түркістан облысында жалпы күштер саны ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан Республикасы ТЖМ 1626 адам, 324 бірлік техника, 17 жүзу құралы, 217 су сору техникасы жұмылдырылды.

Нұрлыжол, Жаңатұрмыс, Фердоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс ауылдарында 6,1 млн. текше метр су сорылды, мүлік эвакуацияланды,- деп ТЖК баспасөз қызметінде атап өтті.

Өргебас ауылында өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды,- деп ТЖК хабарлады.

Нұрлыжол, Фердоуси, Өргебас, Ырысты және Жантақсай ауылдарының аумақтарында жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды, Мырзакент ауылы бағытында үш коллектор орнатылды, құм салынған  87 мың қап төселді.

Жеңіс, Өргебас, Фердоуси ауылындарында Ұлттық ұлан және Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері су басқан үйлерді және аулаларды саз балшықтан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Апаттар медицинасы орталығының шұғыл бригадасы Фердоуси, Өргебас және Нұрлыжол ауылдарының 30 тұрғынына медициналық көмек көрсетті.

Бұдан басқа, Түркістан облысы ТЖД мен Апаттар медицинасы орталығының психологтары Жеңіс және Фердоуси ауылдарында 226 зардап шеккен халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін төрт блокпост (Жаңатұрмыс, Фердоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында) қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру