Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мініп кеткен тракторды қайтару, жолда көмек көрсету – адамдар СҚО полицейлеріне алғыс білдіруде

СҚО Полиция департаменті бастығы Айдын Қабдұлдиновтың атына облыстық полиция қызметкерлерінің адал қызметіне риза болған тұрғындардан жылы лебіздер келіп түсуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кей хаттарда учаскелік полиция инспекторлары туралы оң пікірлер білдірілген.

  – Жауапкершілігі мол, қай кезде болмасын қоңырауларға жауап береді, сыпайы әрі айналасындағыларға мейірімді, – деп ойын білдіріпті учаскелік инспектор Жомарт Ғаббасов туралы аудан орталығы Сергеевка қаласының тұрғыны.

Қылмысты ашқаны үшін де алғыс білдірілген хаттар аз емес. Тайынша ауданының тұрғыны көлігінен ұрланған дискілерді қайтарып берген учаскелік инспектор Марат Шекеровтың жұмысын атап өткен. Тимирязев ауданының тұрғыны оның ұялы телефонының ұрлығын ашқан тергеушілер мен жедел уәкілдерге ризашылығын білдірген.

– Менің кәсіпорнымнан ұрланған тракторды іздестірген жергілікті ішкі істер органдарының қызметкерлеріне алғыс білдіремін, – деді Айыртау ауданында тұратын кәсіпкер.

Техниканы мас аудан тұрғыны айдап әкетіп, көрші ауылда қалдырып кеткен. Абырой болғанда, полицейлер тракторды ұрылар мен қаскөйлердің қолына түспей тұрып тауып алды. Күдікті ұсталды, ол алкогольдік масаң күйде болған.

Облыс жолдарында қызмет ететін патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің жұмысына да адамдар ризашылықтарын білдіруде.

– СҚО полициясының қызметкерлері К. Пеньков және А. Қазбикеновке қызметтерін адал атқарғандары үшін алғыс білдіремін. Аққайың ауданының маңында көлігім істен шықты. Қызметкерлер жөндеуге көмектесті, – деп WhatsApp-қа жазыпты белгісіз жүргізуші.

 

– Бұндай сөздер көңілге қуаныш ұялатады. Жаз кезінде көлік легі арта түседі, бір кезекшілікте бірнеше адамға көмек қажет болып жатады. Автокөліктердің бұзылуы, қажетті құралдардың болмауы – тоқтап көмек көрсетеміз. Біздің міндетіміз – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі мен саулығы, біз бар болғаны өз парызымызды орындаймыз, – дейді Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкері Алмаз Қазбикенов. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру