Көршінің арқасында монша иесі от аузынан аман қалды
ШҚО Алтай ауданында моншадан өрт шығып, көршінің арқасында оның иесі мен үйіндегі адамдар аман қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға 29 наурыз күні түнде Бородино ауылында болған. Жер үй ауласында жанып жатқанын моншаны байқап қалған көрші өрт сөндірушілерді шақырады. Моншаның пешін жаққанда көмірдің толық жанып біткеніне көз жеткізбей, салғырттық танытқан үй иелері ұйқыға жатыпты.
Тілсіз жау бір шатыр астында жапсарлас салынған басқа бір тұрғын үйге дейін ұласқан. Онда қариялар тұрып жатқан екен. Ер адам жалын басқан үйден өз күшімен шығып үлгереді. Ал көмекке келген көршілері әйелді терезе арқылы алып шығады.
Үй иелерінің жағдайы бірқалыпты болғандықтан, олар медициналық көмекке жүгінуден бас тартты.
№3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің отпен күресушілері өртті екі сағаттан астам уақытта ауыздықтады, себебі өрт аумағы 86 шаршы метрге дейін тарап кеткен.
«Пешті салғанда және оны пайдаланғанда өрт қауіпсіздік қағидасын бұзушылықтан оқыс жағдай орын алып отыр», – дейді №3 МӨСБ басшысы Дулат Масимов . – Көршілері өртті байқап бізге хабар бергені жақсы болды. Айтып келмейтін апатты арты орны толмас қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін еді. Осы орайда жер үйдің тұрғындарын пешті жаққанда мейлінше абай болып, түтіндіктерді уақытылы тазартып отыруларыңызды сұраймыз, ұйқыға кетпестен бұрын үш сағат алдын пешті жағуды тоқтату керек. Ағаш шатырларымен немесе қабатаралық жабындардың түйіспелеріндегі пеш, түтін тұрбасы кірпіштен жасалған кескіштің қалыңдығындай жуан болуы
керек. Өрт шыққан жағдайда тезарда «101» немесе «112» нөмірлеріне нөлдік бірлікте де қоңырау шала аласыз».