Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарияны алдаған алаяқ табылды

Полицияның жедел әрекетіне риза болған зейнеткер әлеуметтік желі арқылы алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

View this post on Instagram

Здравствуйте ! Я, Алиева Загра, жительница поселка Балпык би, хотела бы выразить огромную благодарность полиции Коксуского района. И особую благодарность оперуполномоченному ОКП Коксуского РОП старшему лейтенанту полиции УСЕНОВУ МИРАСУ САГАТБЕКОВИЧУ, инспектору ПЗЖИ капитану полиции АМАН АЗАМАТУ и УИП старшему лейтенанту полиции КАЙРАТУЛЫ АБДУСАМАТУ ,за оперативную работу и высокий профессионализм , за участливое и внимательное отношение при расследовании . Я, очень благодарна , что сотрудники полиции остаются людьми и добросовестно исполняют свои должностные обязанности. Такая работа сближает и повышает доверие населения к правоохранительным органам. Удачи Вам, карьерного роста и дай Аллах, вам крепкого здоровья .

A post shared by ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta) on


Көксу аудандық полицияның кезекші бөліміне 73 жастағы жергілікті тұрғын бейтаныс әйелге алданып қалғанын айтып арызданған. Күдікті коронавирусқа байланысты жүріп-тұру шектеулерін пайдаланып, зейнеткерге әлеуметтік қызметкер ретінде арзан баға азық-түлік жеткіземін деп алдап, жүз мың теңгесін қалтасына басқан.

“Күдіктіні бір тәулік ішінде ұстадық. Оның Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны екені анықталды. Алаяқтық жасағанын толық мойындады. Оның егде жастағы зейнеткердің сенгіштігі мен ел ішіндегі коронавирус кезіндегі ахуалды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланғаны белгілі болды. Күдікті қолды қылған ақша сомасын дәл сол күні өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Ұсталған әйелдің бұрын бес рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы анықталды. Қазіргі уақытта күдікті жәбірленушіге келтірілген шығынды толық қайтарды, алайда ол оны жауапкершіліктен босатпайды, іс жақын күндері соттың қарауына жіберіледі”, – деп хабарлайды Алматы облысы Көксу аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Эльдар Метербаев.


Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру