Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше ұрлыққа қатысты күдікті анықталды

Шымкент қалалық Полиция департаменті тергеу және криминалдық Полиция басқармаларының қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем көп пәтерлі үйдің кіреберісіне кіріп, велосипед ұрлаған.

Жергілікті тұрғын полицияға жоғалған заты туралы полицияға хабарлаған. Болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Қазіргі уақытта жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция қызметкерлері анықтағандай, күдіктінің бұдан басқа тағы да жеті ұрлық фактісіне қатысы бар болып шықты, және олардың бірінде 15 дана тауық етін ұрлаған.

Күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру