Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы

18-25 маусым аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментімен «Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ондағы мақсат – мотокөлік жүргізушілерінің тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады.

Іс-шара барысында аудандық Полиция басқармалары мен Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мотоцикл жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын   жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, түнгі уақытта тыныштықты бұзуға жол бермеу бойынша және қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқару сияқты құқықбұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

«Мотокөлік» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының жеті күндік нәтижесінде мотокөлік жүргізушілерімен жасалған 78 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды:

  • ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (тыныштықты бұзу) – алты;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі – үш
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігі (Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару) – үш
  • ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-бөлігі (техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлік құралын басқару) – 20;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 593-бап (жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) – 19;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы (маневр жасау қағидаларын бұзу) – 20;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 599-бабы (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) – үш;
  • ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы (жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеу) –төрт.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру