Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мыңға жуық петропавлдық велосипедтерінің мәліметтерін полиция базасына енгізді

Мыңға жуық петропавлдық велосипедтерінің мәліметтерін полиция базасына енгізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибеге сүйене отыра, СҚО полицейлері күн жылысымен велосипед ұрлығы жиілейді деген пікірде. Жылдың белгілі бір маусымында жасалатын бұл қылмыс түрі күн райы жылынған кезеңде аса өзекті. Тәртіп сақшылары екі доңғалақты көлікті ұрылардан аман алып қалу жолдарын облыс тұрғындарының естеріне салады.Көп жағдайда қаскөйлер тұрғын үйлердің, дүкендердің маңында қалдырылған велосипедтерді олжалайды. Міндетті түрде айдап әкетуге қарсы сенімді құрылғыларды пайдаланған жөн. Қалың арқансымға бекітілген велосипед қылмыскерлерді қызықтырмауы мүмкін, себебі адамдар көп жүретін жерде велосипедті жылдам босатып алу оңайға соқпайды. Мүмкін болса, велосипедті бейнебақылау камералары бар жерге қалдырған жөн.

Көп жағдайда қаскөйлер үй кіреберістеріне адамдардың бейжайлығын пайдаланып кіреді. Олар үйден шығатын тұрғындарды күтеді немесе домофонға қоңырау шалып, кез-келген пәтер нөмірін атап ішке кіреді. Мұндай қылмыскерлерді велосипедтер, балалар арбасы, кейде ашық қалған пәтерлер қызықтырады. Олардан қорғану тәсілдерінің бірі “бұлтты” бейнебақылау камералары болып табылады.

– Петропавл тұрғындары тағы бір қорғаныс құралын пайдалана алады, – деді Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығы Жандос Мұқатов. – Өткен жылдан бері облыс орталығының Полиция басқармасында велосипедтердің деректер базасы жұмыс істейді. Велосипед иелері екі доңғалақты көліктерінің сериялық нөмірін, түсін, моделі мен ерекше белгілерін көрсете отыра, мәліметтерді базаға енгізе алады. Әр адам өз еркімен жүгінеді, сауалнаманы кез-келген учаскелік полиция пунктінде толтыруға болады. Велосипед ұрланған жағдайда ұсынылған мәліметтер ұрланғанды жылдам анықтауға көмектеседі. Бүгінгі таңда базада 939 велосипедтің мәліметтері бар. Жаңа маусымда бұл жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру