«Назар аударыңыз, балалар!»: елордада автошеру өтті
Жаңа оқу жылы қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жол қозғалысына қатысушы балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу, сондай-ақ балалардың елорда көшелері мен жолдарында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын бекіту мақсатында 22 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында елорда аумағында «Назар аударыңыз, балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шарасы аясында балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған. Елордалық көшелерде билбордтары бар мектеп автобустары, сондай-ақ Полиция департаментінің мотоциклистері жұмылдырылған автошеру өтті.
Колонна қозғалысы кезінде дауыс зорайтқыш құрылғылар арқылы алдын алу жұмыстары ұйымдастырылды. Барлығы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің назарын жолдағы мінез-құлық ережелерін қатаң сақтау қажеттігіне аударуға бағытталды.
Автошеру барысында көлік құралдарының жүргізушілеріне, сондай-ақ жолаушыларға «Астана жастары» еріктілерінің қатысуымен буклеттер, жапсырмалар таратылды. «Ханшайым» ансамблімен бірге флешмоб өткізілді.
Іс-шара «2GIS» қалалық ақпараттық сервисінің қолдауымен ұйымдастырылды, ол елорда тұрғындарын навигаторда жылдамдықты шектеу туралы хабарламаны баптау туралы хабардар ету бойынша науқан өткізеді. Бұл әсіресе мектеп маусымында өзекті. Сонымен қатар «2GIS» елорда тұрғындарына жаңа оқу жылының қарсаңында жолдардағы сақтық туралы ескерту үшін push-хабарлама жолдайды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жолдардағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ЖКО санын барынша азайту, жол-көлік жарақаттары мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару.