“Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!”
11-17 шілде аралығында жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты облыс аумағында “Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!“ жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ЖАІШ барысында полиция қызметкерлері 1573 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде мас күйінде көлік құралдарын басқарудың 15 фактісінің жолын кесті, қарсы жүруге арналған жолаққа шығудың тоғыз фактісі, 134-тен астам жүргізуші жаяу жүргіншілерге артықшылық бермегені үшін әкімшілік тәртіпте жазаланды, 534 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша 1000 буклет берілді.