Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Байкоңыр аудандық пробация есебіндегі 5 сотталған жұмысқа орналасты
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Байкоңыр аудандық пробация есебіндегі бес сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түріне сотталған азаматтар көбінесе тұрақты жұмыс табудан қиналады. Осыған байланысты сотталғандарға кезекті рет бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Байкоңыр аудандық пробация қызметі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, есепте тұрған сотталған азаматтарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді.
Оларға жұмыс беруші тарап ұсынған 30-ға жуық жұмыс түрі ішінен жанына жақын саланы таңдауға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, бес сотталған жұмысқа орналасты, ресми түрде келісімшарт жасалды.
Осы орайда айта кетсек, Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты Байқоңыр аудандық пробация қызметі есептегі сотталғандардың тұрақты жұмысқа орналасуы мақсатында осындай іс-шараларды ұйымдастырып тұрады.