Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі сотталғандар медициналық тексерістен өтті

Ақтөбеде түзеу мекемесіндегі сотталғандар медициналық тексерістен өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметі және КА-168/2 түзеу мекемесінің медицина қызметінің қызметкерлері қалалық №1 емхананың дәрігерлерімен бірлесіп, мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандарды медициналық тексерістен өткізді.

Іс- шарада КА-168/2 түзеу мекемесінің аумағына кіргізілген жылжымалы медициналық кешенді автокөлігінде 250-ден астам жазасын өтеуші сотталған флюорографиялық тексерістен өткізілді.

Медициналық тексеріс кезінде жазасын өтеуші сотталғандарды емхананың хирург, травматолог, проктолог, нейрохирург, отолоринголог, ревматолог, окулист, невропатолог, кардиолог, эндокринолог, психиатр, рентгенолог, фтизиатр, дерматолог, стоматолог, терапевт, пульмонолог, функционалдық диагностика және ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлері (ЭКГ,УЗИ, ФГДС) тексерді.

– Тексеріс барысында анықталған науқастар диспансерлік есепке алынып, қажеттігіне байланысты медициналық көрсетілімдері бойынша мамандандырылған мекемелерге ем қабылдауға жолданатын болады. Өз кезегінде түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандарды медициналық тексерістен өткізуге қолдау көрсетіп келетін облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р. Исаевқа, облыстық фтизиопульмонология орталығының бас дәрігері Е. Татимовке, қалалық №2 емхананың бас дәрігері М. Биханов мырзаға алғыс білдіреміз, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметінің қызметкерлері.

Айта кету керек, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің медицина қызметі барлық түзеу мекемелеріндегі сотталғандар арасында аурушаңдықты болдырмау мақсатында жазасын өтеушілерді медициналық тексерістен тұрақты түрде өткізіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру