Нұр-Сұлтан полицейлері “Парасатты полицей” республикалық байқауында бас жүлдеге ие болды
Нұр-Сұлтан полицейлері “Парасатты полицей” республикалық байқауында бас жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу, ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында дәстүрлі “Парасатты полицей” республикалық байқауы биыл онлайн формата өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын арттыру, қолданысын кеңейту, мемлекеттік тілге, еліне, Отанына деген құрметін арттыру, тілдік ортаны қалыптастыру және тіл мәдениетіне тәрбиелеу.
Байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстардың, Көліктегі полиция департаменттерінің қызметкерлерінен құралған 17 команда қатысты.
“Парасатты полицей” байқауы ішкі істер органдары қызметкерлері арасында кеңінен танымал, оған қатысу – әр қызметкер үшін мәртебе.
Биыл бұл байқауға Нұр-Сұлтан қаласының “Сарыарқа қырандары” командасы – Асылжан Сайлаубекұлы, Эльмира Ибраева, Нұралы Тәңірбергенов, Өнербек Жеңіс пен Михаил Приятнов қатысып, бас жүлдені жеңіп алды.