Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда дүкеннен ұрлық жасаған күдікті ұсталды

“Алматы” ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 26 жастағы елорда тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті кешкі сағат 20:00 шамасында Жансүгіров көшесінің бойында орналасқан “Аружан” СОО-дағы дүкендердің бірінде болып, сатушының назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, ерлер киімдерін ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру