Ойнап жүріп, жоғалып кеткен баланы полицейлер тапты
Шымкентте ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен бала ата-анасына табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 8 қыркүйегінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданының Полиция басқармасына Шымкент қаласы Достық мөлтек ауданының тұрғыны өзінің ұлының сағат 17.00 шамасында үйден ойын ойнауға шығып, қайта оралмағандығы жөнінде хабарлама берген.
Хабарлама бойынша аталған мекенжайға басқарманың жедел-тергеу тобы шығып, үйді қарап тексеру амалдарын жүргізіп, іздеу шараларын бастады. Сонымен қатар, хабар-ошарсыз кеткен баланың іздеу шараларына Қаратау ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары, криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері және 20-дан астам волонтерлар жұмылдырылды. Іздеу шаралының нәтижесінде сағат 22.30 шамасында бала табылып, ата-анасына қайтарылды. Ол ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен екен.