Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Онлайн режимде балалар байқауы өтті

ІІМ Көліктегі полиция департаменті қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлау дәстүрін биыл да қайта жалғады. Бұл жолғы шара “Бар жақсылық балаға!” ұранымен “Zoom” бейнеконференция байланысында өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атаулы шарада балалар сурет салу, ән айту, өлең оқу сынды өнерлерімен онлайн режимде сайысқа түсті. Сайысқа 20-дан аса бала қатысты.

Көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары Абзал Жұматаев балалар мен олардың ата-аналарын мерейлі жазғы мерекемен құттықтап, кішкентай қазақстандықтардың барлық арман-тілектерінің орындалып, елімізде тек бейбіт өмірдің болуына тілектестігін білдірді.

– Еліміздегі бүгінгі ұрпақ – біздің болашағымыз. Олардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғау әрбірімізге парыз. Барлық бала – бақытты болуға лайық. Мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан әрбір балалардың басына амандық, дендеріне саулық тілеймін, – деп А.Жұматаев тілектестігін білдірді.

Мерекелік құттықтау сөздерінен кейін, балалар түрлі номинациялар бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Сайыс жүлдегерлерін анықтау үшін Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есболат Шаймерденов арнайы шақыртылып, жеңімпаздарды марапаттады.

Сайыс грамоталары, медальдары және сыйлықтар ата-аналарға табысталып, балаларға жолданды.

Ата-аналар ұйымдастырылған іс-шараға алғыстарын білдіріп, балаларды мерекемен құттықтады.

– Бала біздің бақытымыз, байлығымыз. Қызметте полицей, үйде біріміз ана, біріміз әкеміз. Бүгінгі шара қашықтықтан болса да, балаларымызға үлкен қуаныш сыйлады. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Балаларымыздың бақыты әркез баянды болсын, – дейді Агишаның анасы Алия Кусаинова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру