Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда ішімдікке тойып алған жүргізуші ЖКО жасады

Оралда ішімдікке тойып алған жүргізуші жол апатына себепкер болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 4 желтоқсан күні түнгі сағат 01.45-те Орал қаласының Деркөл кентінде болды.

ВАЗ-2114 көлігін басқарған 29 жастағы жүргізуші 52 жастағы жүргізуші тізгіндеген Hyundai Santa Fe автокөлігімен соқтығысты. Сараптама қорытындысы бойынша ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі “орташа дәрежелі” алкогольдік мас күйінде болған, сондай-ақ ол 2020 жылы сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.  ВАЗ-2114 автокөлігі арнайы автотұраққа қойылды. 

Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

БҚО Полиция департаменті мас күйінде көлік жүргізу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру