Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда жолға жауапты мекемелерге қатысты 95 хаттама толтырылды

Қарағандылық тәртіп сақшылары жыл басынан бері  жолға жауапты мекемелерге қатысты 95 әкімшілік хаттама толтырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық Полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы қызметкерлерімен облыс орталығындағы жолдар үнемі тексеріледі. Тексеріс қорытындысына сәйкес, полиция қызметкерлері жолды тексеру бойынша жолға жауапты мекемелерге тексеріс актісімен ұйғарым беріп отырады. Сондай-ақ тексеру қорытындысы жергілікті атқарушы органдарға да жіберілетіні белгілі. 

– Қарағанды қаласында жолдың тазалығы мен талапқа сай болуына жауапты 9 жолға жауапты мекеме бар. Егер полиция қызметкерлерімен жолдардың талапқа сай болуы, қыстың күні жолдардың қардан тазалануы бойынша жол жүру ережесіне қайшы әрекеттер анықталған жағдайда жолға жауапты заңды лауазымды өкілге Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 631-бабына сәйкес хаттама толтырылады. Жыл басынан бастап Қарағанды қалалық Полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен жолға жауапты тұлғаларға 95 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның үшеуі бойынша хаттама Қарағанды қаласының ауданаралық әкімшілік сотына жолданды. Полиция қызметкерлерімен берілген ұйғарымды орындамаған жағдайда заңды лауазымды тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабына сәйкес хаттама толтырылады, – деді Қарағанды қалалық Полиция басқармасы жол-техникалық инспекциясының аға инспекторы Темірлан Олжабаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру