Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралда мас тұрғын гүл сататын дүкенді тонаған

Оралда ішімдікке сылқия тойып алған тұрғын гүл сататын дүкенге ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Орал қаласындағы гүл сататын дүкеннің бірінде орын алды. Кешкі сағат 19:00 уақыт шамасында 45 жастағы азамат дүкеннен шоколад қорабын ашық түрде сөреден алып кеткен.

Ұрлық жасаған уақытта ер адам ішімдікке масаң күйде болған. Орал қаласы ПБ Абай полиция бөлімінің қызметкерлері қабылданған шаралар бойынша жедел-іздестіру шараларын барысында аталған азаматты ұстады.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру