Оралдық тұрғынды бопсалап ақша алған екі күдікті ұсталды
Оралдық тұрғынды бопсалап ақша алған екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция басқармасына Орал қаласының екі тұрғынына қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Атап айтқанда, 41 жəне 35 жастағы екі ер адам ағымдағы жылдың тамыз айынан бері 40 жастағы азаматқа күш көрсетіп, екі миллион теңге көлемінде ақша бопсалап келген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. БҚО Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізу барысында ұсталғандар тарапынан қылмыстық әрекеттердің басқа да көріністері белгілі болды.
– 22 қазан күні Орал қаласында БҚО ПД қызметкерлері БҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, күдіктілерді жәбірленушіден 70 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат алған кезде ұстады. Жүргізілген тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды. Ұсталғандар қамауға алынды, – деді полиция қызметкерлері.