Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ордабасы ауданының басшысы өткен жылға қорытынды жасады

Ордабасы ауданының басшысы өткен жылға қорытынды жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері – азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қауіпсіздігі мен мүліктік мүдделерін қорғау болып табылады.

Нақты мәліметтерге сәйкес, Ордабасы ауданы криминогендік жағдайы тұрақты, қылмысы ең төмен аймақ болып саналады. 2020 жылдың 12 ай көлемінде жедел ахуалды сақтап қана қоймай, қылмыстардың санын 433-тен 315-ке, яғни 27,3 пайызға дейін төмендетуге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асырды. Осы тұрғыдан алып қарасақ, көптеген қылмыстардың төмендегені байқалады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысының тіркелуі 50%- ға, яғни 4-тен 2-ге төмендеп, ашылуы 100,0% (2019 ж.-100,0%) құрайды. Зорлау қылмысы 25,0 пайызға 4-тен 3-ке төмендеген, ашылымы 100,0% (2019 ж.-100,0%) құрайды. Жалпы бұзақылық қылмыстардың тіркелуі 35,0 пайызға, яғни 18-ден 13-ке азайып, ашылуы 100,0 %.

Осы тұста айта кететін жайт, полицейлердің профилактикалық жұмыстары нәтижесінде, қарақшылық пен бопсалау қылмыстары 2020 жылы орын алған жоқ. Алаяқтық қылмысының тіркелуі 49-дан 43-ке түсіп, 12,2%-ға төмендеп, ашылымы 100,0% құрап отыр. Сондай-ақ тіркелген қылмыстардың негізгі үлесі бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы 175-тен 75-ке, яғни 57,1 пайызға, оның ішінде мал ұрлығы 46-дан 8-ге , яғни 82,6 пайызға кеміп отыр. Сондықтан да бүгінгі таңда мал ұрлығы қылмысының алдын алу бойынша тиісті іс-шаралар атқарылып жатыр.

Ордабасы АПБ-нің қызметкерлерімен 2020 жылдың 12 ай көлемінде жалпы 13596 әкімшілік хаттама анықталса, оның ішінде Ордабасы АПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен 6358 әкімшілік хаттама, ал патрулдік полиция тобының қызметкерлерімен 5738 әкімшілік хаттамалары түзілген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру